Әлем әдебиетіндегі «Дон Жуан» бейнесі
Бірер күн бұрын белгілі жазушы Зейін Шашкиннің қызы ф.ғ.к., доцент Г.З.Шашкинамен компаративистика саласы жайында әңгімелескен едім. Компаративистика – шығармаларды салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы. Әлем әдебиетінде «Мәңгілік бейне» (Вечный образ) деген ұғым бар. Осы ұғым аясында ойландырған көркем бейненің бірі – Дон Жуан хақында.
Әлем әдебиетіндегі мәңгілік көркем бейненің бірегейі – Дон Жуан бейнесі. Дон Жуан – атақты итальяндық аңыз кейіпкері. Оның өмір жолы турасында жүзден асқан шығарма жазылған екен. Сонымен әдебиет пен көркем өнердің түрлі жанрында жазылған шығармалардағы Дон Жуан кейіпкерінің көркем бейнесі қандай? Әлем әдебиетіндегі озық туындыларды компаративизмдік тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ:
Әлем әдебиеті тарихында Дон Жуанның өмір жолы туралы түрлі аңыз, әңгімелер бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі, әрқилы. Дон Жуанның Дон Гуан, Дон Хуан, дон Джованни сияқты нұсқалары кездеседі. Дон Жуан – әйелдерге жаны құмар азғырғыш, жүргіштігімен аты шыққан кейіпкер, қазақшалап айтқанда, «сері» болған. Ол тағы басқа жағымсыз қасиеттерімен әдебиеттегі мәңгілік көркем бейнеге айналып кеткен кейіпкер.
Дон Жуанның итальяндық халық ауыз әдебиеті үлгілерінде дон Хуан Тенорио, дон Мигель де Манара сияқты түпнұсқасы (прототип) сипатталған. Ал, көркем әдебиет тақырыбында ең алғаш рет Дон Жуанның көркем бейнесін сомдаған Тирсо де Молине. Оның «Севильский распутник и каменный гость» деп аталатын пьесасының сюжеті италия халық әдебиетіндегі дон Хуан Тенорионың өмір тарихынан алынған. Бұл пьеса шамамен 1630 жылдары жазылған болатын.
Жоғарыда аталған Дон Жуанның түпнұсқалары жайындағы аңызнамалар желісі француз әдебиетіне де өте үлкен әсерін тигізген. Нәтижесінде француз қаламгері Мольер «Дон Жуан или каменный пир» атты пьеса жазған еді. Бұл пьеса 1665 жылдан бастап театр сахналарында қойылып келеді. Сонымен қатар, Дон Жуан бейнесі неміс қаламгерлерінің шығармашылығына арқау болған. Оның бейнесі Байрон, Горман, Гальдони, Грабе, Проспер Мериме шығармаларында да көрініс тапқанын айта кетейік.
Орыс әдебиеті тарихында Дон Жуанның көркем бейнесін алғаш болып сомдаған ұлы ақын А.С.Пушкин болатын. Александр Сергеевичтің «Маленькие трагедии» атты циклдық пьесалар жиынтығында «Каменный гость» деп аталатын пьесасы бар. Бұл шығарма 1830 жылы жазылған. Пушкиннің шеберлігі сол – Дон Жуан туралы жазылған туындылардың желісін сақтай отырып, өзінің қиялымен лирикалық бас қаһарманның тағдырын мүлде басқа арнада жырлауы. Яғни, Пушкиннің Дон Жуаны – итальяндық аңыз желісінен туындаған кейіпкер ғана емес, автордың өзінің қолтаңбасы анық сезілген туынды.
Пушкиннің бұл көркем бейнені сомдауына не түрткі болды екен? Севильдік әйелқұмар Дон Жуан серінің өмір жолы итальян, француз жазушыларының шығармаларына арқау болғанын оқып білген Пушкин Моцарттың «Дон Жуан» операсын сахнадан көргеннен соң, шабыттанып, жазу үстеліне отырған екен. Пушкин бұл шығармасын жазып жатқанында, кейбір элементтерді Лоренц да Понтенің либреттосымен байланыстырған еді. Алайда, Пушкин бұл тақырыпты биікке көтеріп, шарықтау шегіне жеткізіп асқақ сезіммен жазды емес пе!
Пушкиннің ерекшелігі – бас кейіпкер Дон Гуанды Дона Аннаны бір көргеннен ғашық қылып қоюында. Расымен, осыған дейінгі Дон Жуан туралы жазылған қаншама шығармалар желісінде ол махаббатқа, сезімге тұрақсыз, әйелдермен тек ләззат алу мақсатында ғана өмір сүретін адам ретінде суреттеледі. Ал, Пушкин өзінің Дон Гуанын – өзгелердің кейіпкерлерінің ерен, ерек қылу үшін осындай ұтымды әрекетке барған. Ынтызар, шын ғашық Дон Гуанды баладай қуандырып, махаббаттың әлегіне түсіріп, ессіз ғашық қылып, махаббат машақатын тарттырады. Тіпті, оны Дона Аннаның алдында тізерлетіп, ғашық екенін мойындатады. Екеуі тіл табысып, қос жүрек бір-біріне жақындаған сәтте, ажал-ғайып Дона Аннаның марқұм болған күйеуі Командордың тас тұлғасы (статуя) арқылы келеді. Әп-әдемі лирикалық сезім осылай тәтті мұңға айналып, трагедияға ұшырайды. Пушкинның бұл шығармасы 1979 жылы кинокартинаға айналғанын еді.
Пушкиннен соң бұл мәселені ақын К.Бальмонт қозғады. Оның 1897 жылы жазылған, бірақ, аяқталмай қалған «Дон Жуан» атты поэмасы бар. Оның Дон Жуаны ертеректегі аңыздардың желісіне саяды. Ал, талантты символист ақын В.Брюсовтің 1900 жылдың 12 мамырында жазылған «Дон Жуан» деген өлеңі бар. Ақын:
Ақын Николай Гумилев 1910 жылдың 16 сәуірінде «Дон Жуан» деген өлең жазады. Өлең тұтас мазмұнына зер салсақ:
Орыстың көрнекті ақыны Александр Блоктің В.А.Зоргенфрейге арналып жазылған «Шаги Командора» деп аталатын өлеңі бар. Өлең – 1910 жылы жазылған. Өлеңнің мазмұнына қараңыз:
Тяжкий, плотный занавес у входа,
За ночным окном — туман.
Что теперь твоя постылая свобода,
Страх познавший Дон-Жуан?
Холодно и пусто в пышной спальне,
Слуги спят, и ночь глуха.
Из страны блаженной, незнакомой, дальней
Слышно пенье петуха.
Что изменнику блаженства звуки?
Миги жизни сочтены.
Донна Анна спит, скрестив на сердце руки,
Донна Анна видит сны…
Чьи черты жестокие застыли,
В зеркалах отражены?
Анна, Анна, сладко ль спать в могиле?
Сладко ль видеть неземные сны?
Жизнь пуста, безумна и бездонна!
Выходи на битву, старый рок!
И в ответ — победно и влюбленно —
В снежной мгле поет рожок…
Пролетает, брызнув в ночь огнями,
Черный, тихий, как сова, мотор,
Тихими, тяжелыми шагами
В дом вступает Командор…
Настежь дверь. Из непомерной стужи,
Словно хриплый бой ночных часов —
Бой часов: «Ты звал меня на ужин.
Я пришел. А ты готов?..»
На вопрос жестокий нет ответа,
Нет ответа — тишина.
В пышной спальне страшно в час рассвета,
Слуги спят, и ночь бледна.
В час рассвета холодно и странно,
В час рассвета — ночь мутна.
Дева Света! Где ты, донна Анна?
Анна! Анна! — Тишина.
Только в грозном утреннем тумане
Бьют часы в последний раз:
Донна Анна в смертный час твой встанет.
Анна встанет в смертный час. А.Блоктің бұл өлеңін әркім өзінше ұғып, түсінеді. Ақын Дон Жуан мен Донна Аннаны кездестіргенін анықтап оқысаңыз, байқауға болады.
Дон Жуан бейнесі Марина Цветаеваның да поэзиясынан көрініс берген екен. Махаббат тақырыбымен ерекше сезіммен жырлаған Марина ақынның «мәңгілік көркем бейнені» сөз етуі – жаңа сүрлеу болып табылады. Марина Цветаева – әдебиеттегі «Дон Жуан» бейнесін суреттеген жалғыз әйел ақын. Маринаның 1917 жылы жазылған 7 циклдық «Дон Жуан» деген өлеңі бар. Марина оның өмір жолына ақынның көзімен, дұрысы, әйелзатының көзімен қараған екен. Мысалы,
Кешегі ХХ ғасыр басында ішкі Ресейде алмағайып заман басталғанда, интеллигенция өкілдері эмиграцияға кеткен болатын. Эмиграцияға кеткен қаламгерлер орыс әдебиетінің тарихын «Русское зарубежье» кезеңімен толықтырған еді. Эмиграцияға кеткен ақындардың бірі – Игорь Северянин. Ол 1918 – 1941 жылдары Эстония елінде тұрады. 1929 жылы «Дон Жуан» деген өлең жазыпты. Бұл өлеңнің мазмұны біз сөз етіп отырған мәселеден мүлде бөлек сықылды. Қарап көрелік:
Демек, Дон Жуан – әдебиеттегі өміршең кейіпкер. «Әр заманның өз сұрқылтайы болады» деген қазақ мақалы айтқандай, әр уақыттың өз Дон Жуаны болғанға ұқсайды. Оның тағдыры өзінше жырланыпты.
әдебиеттанушы