«Тіл — ұлт рухының алтын қазығы»
Сарысу ауданында 21 — ақпан Халықаралық Ана тілі күніне орай «Тіл — ұлт рухының алтын қазығы» атты поэзия кеші өтті.
Кеште Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары (Асылбекова Риана, Чикина Милана, Дзюбина Сафия) қазақ ақын жазушыларының өлеңдерінен әдеби композиция орындаса, Жаңатас көпсалы колледжіндегі өзге этнос өкілдерінен құралған білімгерлер “Ана тілі” туралы өлең шумақтарын арнады, Д.Қонаев атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары А.Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» өлеңін үш тілде орындап көрермен ықыласына ие болды. Кеш соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесі білімгерлер мен оқушыларға арнап «Тілге құрмет- елге құрмет» атты кітап көрмесін өткізді.
Сарысу ауданы әкімдігі