Облыс әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген және онлайн режимде қатысқан Тараз қаласы және Шу, Талас аударынынан жазылған тұрғындары негізінен баспана, жұмыспен қамту, ауланы абаттандыру және өзге де мәселелерді көтерді.
Айталық тараздық тұрғын, I топ мүгедегі, Паралимпиада жүлдегері Толағай Шынболатов тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде I топтағы мүгедек ретінде 2014 жылдан бері тұрғанын айтып, баспаналы болуына көмектесуді сұрады. Шулық тұрғын Айтуар Қойгелдиев те баспана мәселесін шешіп беруін өтінді.
Ал, тағы бір облыс орталығының тұрғыны Фатима Сейдаметова тұрғын үй ауласының қашан абаттандырудан өтетінін сұрады. Өзге де азаматтар өз мәселелерін жеткізді.Облыс әкі мі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысының әкімдігі