ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Қазақ ССР-нің халық артисі, СССР Кинематографистер Одағының мүшесі, режиссер, драматург, аудармашы Кәукен Кенжетаев – ғасырға жуық ғұмыр кешіп, қазақ өнеріне қалтқысыз қызмет еткен тұлға.

Кәукен Кенжетаев – алыптар тобынан қалған тұлға, арқалы артист, ардақты әнші.
Ол шырқаған әндер мен орындаған партиялар ел өнерін биік белеске көтерді.
Кәукен Кенжетайұлы – ұстаз, музыкалық комедия актерлерін дайындайтын кафедраның тұңғыш ұйымдастырушысы, көп жыл меңгерушісі, беделді профессоры болды.
Ардақты ағаның үйіне 2003 жылы арнайы сәлем бере барып, әңгімелесудің сәті түсті. Дастарханынан дәм татып, батасын алған едім. Өнерге, тілге, тарихқа және өнер иесінің өмір жолына қатысты әңгімелерін тыңдадым.
Домбырасын алып, қоңыр дауыспен «Жиырма бесті» орындады.
Мен Ақан серінің «Балқадишасын», Сәкеннің «Тау ішінде» әндерін орындап бердім. Ағамен қосылып тағы бір-екі ән орындадық.
Табиғат ерекше дарын сыйлаған өнер иесімен кездесудегі тамаша сәттен естелік болсын!

А. Тілемісов
Сарысу ауданы