БАЛАНЫҢ ШЫҚҚАН БИІГІ, ӘКЕСІНІҢ ИЫҒЫ…..

Әке деген үш әріптен таныдым, дала деген төр әріптің кеңдігін-демекші. Баланың көкжиегін кеңейтетін, әкенің кеңесімен ақыл-парасаты. Баланың бағы иманды, ақылды әке.

“Балам тым қызбасың, ожар мінез жігітті орға жығады-деген. Мінезіңе көңіл бөл. Әкеңнің ақылын тыңдасаң мына төрт қара төбенің басына шықпа. Бұл төрт ауыл кешегі ел басына күн туған заманда жер үшін жанын қиып, ел үшін жаудың қанын судай төккен жұрт.

Мінезі өр, қаһһары зор. Бұлар Беріште:”Қаратоқай”, Ысықта:”Қараораз”, Шеркеште:”Қаракемпір”, Тазда:”Қаракелдібай”-деген екен шеркеш Асау би баласы болыс Тұрланға.

Әкесінің айтқаны айнымай келіп ожар ұл бір отырыста бір шалмен ерегісіп, оспадарсыз ұрып байқаусызда оны өлтіріп алады. Ол кісі Ысықтың ішіндегі Қараораз болып шығады. Өлген ағамыздың кегін аламыз-деп төрт інісі антқа тұрып, атқа қонады.

Жайықтың жағасында тұрып, батып бара жатқан күнге қарап: “Әкем әулие екен, төрт қара төбенің басына шықпа”- деп еді, айтқаны дәл келді, қош бол бес күн жалған-деп Тұрлан би топырақ құшыпты. Кек қайтқасын, төрт жігіт аттарының басын ауылдарына бұрыпты-дейді көзі көргендер.

Ақылды баланың шыққан биігі, дана әкенің иығы емес пе? Әкелеріміз аман болсын.

МАҚСАТ СҚАҚОВ.