МЫРЗАЛЫҚ…….
Бүгінде байқасаңыздар мырзалықты жағдайы бар байдан көрі, жағдайы жоқ жандар көп жасайды.
Елде бір жағдай бола қалса жұдырықтай жұмылып, мырза көңіл білдіріп, жетімін жебеп, жесірін демеп жүрген де солар. Әуелгісі дүниеден, соңғысы жаратушыдан үмітті.
Бала күнде малшы ауылға көп бардық. Ауылына алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақалы кеп сәлем беретін. Құнан қойын сойып, қонақ асы беретін. Шопандар жәй шаруа адамы болғанымен де, көңілдері бай кең даланың мырзалар еді.
Мына бейнетаспаны көріп, сол аузын ашса жүрегі көрінетін, мырза көңіл жандардың пейілі есіме түсіп отырғаны.
Оң қолы бергенін, сол қолы білмейтін қасиетті қазақ сауабы мол мырзалық-дейді. Мырзалық, дүниеде емес, көңілде. Жәрияға жар салып көрсетіп бергенді, көбіне сауабы аз, жәй ғана ырзалық-дейді.
МАҚСАТ СҚАҚОВ.