Тәуелсіздіктің тау тұлғалары: Дархан Мыңбай – Қазақ журналистеріне ауызбірлік ауадай қажет
«Қазақтілді баспасөздің билікке сөзі өтпейді дегенмен мүлдем келіспеймін! Бұл — өте қате пікір! Келіспейтін себебім, егер де бір журналист өзінің ойын шеберлікпен жеткізіп, ізденген тақырыбын жақсылап көрсететін болса, қажет десе барлығы оны аударып оқиды. «Қазақ баспасөзінің билікке сөзі өтпейді» деген жалған сөз! Мұның барлығы жұртты адастыру үшін айтылған сөз! Журналисті ұлтына қарап емес, тек кәсіби шеберлігіне қарап бөлуге болады. Шын мәнісінде журналистердің өздеріне көп нәрсе байланысты. Журналистік ауызбірлік деген бар. Қазақ журналистеріне осы қасиет ауадай қажет. Өзара ынтымақ, әріптестік ізгілік болған жерде қазақ журналистерінің біздің қоғамды былай қойып, бүкіл әлемге танылуына зор мүмкіндік бар. Тек сол мүмкіндікті тиімді пайдалану керек».
(Дархан Мыңбайдың «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатынан алынды. 29 маусым, 2012 жыл)