АЙМАҚТА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгінгі күні Байзақ және Жамбыл аудандарында дала жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жоспарлы жыртылуы тиіс 104,0 мың гектар жердің 605 гектары айдалып, дайындалатын 453,2 мың гектар алқаптың 110 гектары дайындалды.
Өңірде биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғаяды. Оның ішінде 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, 44,8 мың гектарға көкөніс дақылдары, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы, 11,8 мың гектарға картоп, 16,8 мың гектарға бақша дақылдары және 216,2 мың гектарға мал азығы егіледі.
Көктемгі дала жұмыстарына 6883 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысады. Ақпан-сәуір айларына бөлінген 15,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны шаруашылықтарға 204-214 теңге аралығында босатылуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы