Шағбан айындағы жомарттық
Қасиетті шағбан айында Алла Тағаланың разылығын көздеген мұсылман бауырларымыз Меркі ауданында үлкен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен ауданға қарасты елді-мекен, ауыл-аймақтардан қамтылған 100 мұқтаж отбасылардың тізімін құрып, орталық мешітке жинады.
Бас имам жиналған қауымға қасиетті діндегі қайырымдылық туралы насихаттап, демеушілік жасап жатқан бауырларымызға алғысын білдірді.
Көмек алған отбасылар бұл мүмкіндігі шектеулі, қамқоршысыз қалған, әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды бар отбасылар. Мұндай жанұяларға көмек беру сауапты іс, жомарттық. Көмек берген жандарға мұқтаж отбасылар алғыстарын білдіріп, қуанышқа бөленді.
Меркі Ауданы Әкімдігі