Уәде етілген елу көше жарқырап тұр
Тараз қаласының түнгі шырайын кіргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында көптеген ілкімді істер атқарылуда.
Айталық, биыл көне шаһардың 68 көшесінде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланса, былтыр 30 көшені самаладай жарқырату қолға алынды.
Сондай-ақ, экономиядан қалған қаржыға тағы 20 көше жарықтандырылды. Дегенмен, кейбір көшелерде құжат рәсімдеріне байланысты жарық шамдарын орнату биылғы жылға өтпелі болатын. Аталған көшелердің тиісті құжат рәсімдері бүгінде аяқталып, жоспарланған елу көшеге толық жарық берілді.
Нақты айтар болсақ, Адамбаев, 3-бұр., Байзақ батыр, 1-бұр., Аққозиев, 1-бұр., Өзбек, 1-бұр., Өзбек, 3-бұр., Маяковский, 2-бұр., Маяковский, Первомайская, Ат-Тарази, Родниковая көшелері, 15-бұрылыс, Фресно, 16-бұр., Фресно, Фресно, Казакова, Сағынтаев, Щусева, Караванная, Памирская, Лукманов, Тектұрмас, 6-бұр., Көшеней, Пригородный, Аққозиев тұйығы, Сеңкібай, Айнакөл,
Уәлиханов, Жібек жолы, Сыпатай батыр, Жанболатов көшелері самаладай жарқырап тұр.
Ал экономиядан қалған қаржыдан тізімге енген 4-бұрылыс, Сүлейменов, Лазо, Байзақ батыр, 3-бұрылыс Трудовой, Қылышбай ақын, Ыбыраев, Қосанов, Шу, Ақыртас, Меркі, Цветочная, Киікбаев, Оқым Қортыс, 5-бұр., Абылайхан, П. Лулумбы, Ұлтанбаев, Тынышбаев, Самаркандская, З. Космедемьянская көшелерінде келісілген шартқа сәйкес, ақпан айының соңында жарық шамдары іске қосылды.
Өз кезегінде көше жарығына қол жеткізген тұрғындар алғысын білдіруде.
– Осы аумаққа көшіп келгелі көшемізде жарық болған емес. Әсіресе, қыс мезгілінде балаларымызға қиын. Тас қараңғыда автобусқа жеткенше қорқып отырамыз. Қазір көшеміз жап-жарық. Еш қиналмай оқуына, балабақшасына апарамыз. Осындай үлкен қолдау жасаған облыс, қала басшылығына алғыс айтамыз, – дейді Өзбек ақын көшесі, 1-бұрылыс тұрғыны Дәурен Алжанов.
Тараз қаласының әкімдігі