Grand Baazar сауда орталығында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.
Жалпы бүгінгі жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, кондитерлік тәтті түрлері, жұмыртқа, бал және ауыл шаруашылығы тауарлары бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарық бағасынан төмен.
Тараз қаласының әкімдігі