Аудандағы шағын су қоймаларына арнайы зерделеу жүргізілді
Аудандағы шағын су қоймаларына арнайы зерделеу жүргізілді
Аудандағы шағын су қоймаларына арнайы зерделеу жүргізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл су қоймалары КММ басшысы Н. Ергебеков және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Н.Темірбековалар арнайы ауданға келіп аудандағы шағын су қоймаларына зерделеу жүргізді. Жайылма ауылдық округі әкімінің аппаратының теңгеріміндегі «Қызылдихан» шағын су қоймасын алдағы уақытта тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, аудандағы суармалы егіс алқабын 50-100 гектарға артыруға, осы бағытта шағын қоймаға жиналатын ағын судың көлемін ұлғайту мәселелері қаралды. Нәтижесінде, қойманы «Жамбыл су қоймалары» КММ теңгеріміне бере отырып, тиісті жұмыстарды атқаруға жобалық-сметалық құжаттама жасатуға келісті. Сондай-ақ, өткенде әлеуметтік желіде көтерілген Жаңаталап ауылдық округіндегі «Бекен жарма» шағын су қоймасына да осы топпен зерделеу жүргізді. Ауылдық округ әкімі Т. Абдраевқа шағын қойманың бірінші кезекте құжаттарын рәсімдеу, соған сәйкес жобалық-сметалық құжатын әзірлеп, жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынуға тапсырма берілді. Нәтижесінде округтегі суармалы егіс көлемі 50-80 гектар артатын болады. Мамандар бүгінгі күнге келіп жатқан суды мүмкіндігінше тиімді пайдалану үшін, ағын судың өзеннің ескі арнасымен шаруашылықтардың жайылым мен шабындығына беріліп жатқаны дұрыс екендігін айтты. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласында ауданның мүмкіндіктерін тиімді іске асыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасатын болады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі