«7-20-25» тің ипотекасын алған адамдардың саны жарияланды
Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді. Барлығы 66 865 адамға ипотека берілді.
Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды. Олар:
▫️Астана – 23 777 адам
▫️Алматы – 13 285 адам
▫️Шымкент – 5 109 адам
2023 жылы «7-20-25» бағдарламасына 100 миллиард теңгеге бөлініп отыр.