Биыл Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады
Биыл «Астана-Достық» бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
2022 жылы Алакөл жағалауына темір жол көліктері 243 мың жолаушы жеткізген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап броньдау тәртібі қолданыста болады» делінген компанияның хабарламасында.