ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІМЕН БІРЛЕСКЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ш.Шариповтың және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.А.Әшімовтың қатысуымен бірлескен семинар-кеңес өтті.Іс-шараға Министрлікке қарасты Жамбыл облысы бойынша экология департаменті, Шу-Талас бассейіндік инспекциясы, Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері қатыстырылды.
Руслан Шамелұлы қатысушыларға қолданыстағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңашылдықтары және оны қолдану тәжірибесі жөнінде ақпарат берді. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкіл институтының пайда болуы мен оның кәсіби мемлекеттік аппарат құру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудағы рөліне жеке тоқталып өтті. Өз кезегінде, Қабланбек Айтуғанұлы Министрлікте, ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде қызметтік әдепті сақтауға бағытталған жұмыстар жөнінде баяндай келе, ұжымдардағы өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы, сондай-ақ жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормалардың сақталуына баса назар аударды. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берген спикерлер қатысушыларды қоғамда жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға және әдептілікті күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті