ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ

Бүгін “Rixos Khadisha Shymkent” қонақ үйінде Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтуде.

Форум алаңында еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономикалық даму қарқынын күшейту, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқылануда.

Аталған іс-шараға шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысып отыр.
Сонымен қатар, Форум шеңберінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялар мен меморандумдар түзу жоспарланған.
Форум алаңын пайдаланып, біздің өңірдің негізгі бәсекелестік артықшылықтары — қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қоры, еңбекке қабілетті жастағы халық, экономиканың әртүрлі салаларында, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылым бар екенін айттық.
Жамбыл бірегей бағалы мәдени мұралар мен сан ғасырлық сауда және кәсіпкерлік тәжірибеге өте бай өлке екенін тілге тиек еттік.

Қанатбек Мәдібек,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары