Кітапханадағы тағы бір жаңа жоба
«Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деп түркі халықтарының ұлы ақыны Әлішер Науаи жазып өткендей, кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші дей келе, аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Бір кітап» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» айдары қолға алынды.
Жобаның мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу. Озық оқырманды анықтау және тамаша шығарманы оқуға кеңес беру, оқырмандарды шабыттандыру алаңы, мұнда кітапханашылар өз ой толғаулары мен жиған-тергендерін ортаға салады.
Аудандық және ауылдық кітапханалар осы жоба бойынша әр ай сайын шара ұйымдастырып отырады. Бастау алған бұл жоба кітапханашылар мен оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып, жалғасын болады деген ойдамыз.
А. Искакова, Аудандық кітапхананың кітапханашысы