Конфуций нақылдары
— парасатты кісі — өзіне, парықсыз — өзгеге талап қояды;
— мақсатқа жету көмескілене бастағанда, мақсатыңды емес, әрекетіңді өзгерт;
— егер сені жек көру сезімі жеңсе — өмірден жеңілгеніңді ұқ;
— ызаға булыққаныңда, оның салдарын ойла;
— ілім іздегенге ғана білім бер;
— егер өзгелер артыңнан ғайбаттаса, демек, сен алдасың;
— ұсақ-түйекке төзбеген — ұлы істерге қауқарсыз;
— өмірде немен айналыссаң да, жүрегіңді тыңда;
— өзіңнен артық ойлай алатын жанмен ғана достас;
Аударған Әдемау Толысбаева