Табиғаттың наурыз айындағы 5 өзгерісі
1. Наурызда күн мен түн теңеледі, жұлдыздар теңеседі, яғни Сүмбіле, Үшарқар-Таразы, Үркер және Сұлу Сары бір түзудің бойында тізіле орналасады. Есепшілер жұлдыздардың теңесуінен күн мен түннің теңелуін байқайды.
2. Арыстан мен Өгіз шоқжұлдыздары ғарыш алаңында шайқасқа түседі. «Атасы мен анасы, Үш жүз алпыс бес баласы, Он екі ауыл шамасы, Отыз ор дуадақ, Бес балақ сан, Елу екі қарақшы» деген қазақтың жұмбағы да бар.
3. Есепшілер Әз Наурыздың келгенін жан-жануарлардың қылығынан да байқайды. Наурыздың 14-де сарышұнақ інінен шығады. Наурызда күн суық болатын болса ін аузынан ұзамайды, ал күн жылы болатын болса ұзағырақтау жерге шығады.
4. Күн мен түн теңелгенде тасбақа інінен аузына шөп тістеп шығады. Шөптің аты «мәриям шөп» деп аталады. Оны еппен алған адам бақытты, дәулетті болады деген сенім бар.
5. Күн мен түн теңелгенде, балық аунап түседі. Кейбір елдерде күн мен түннің теңелгенін осы құбылыстан байқайды.