ҚАЖ қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті

Қоғамдық тәртіптің талапқа сай болуы – елдегі тұрақтылықтың кепілі екені анық. Ал құқық қорғау қызметкерлерінің қоғамда жағымды келбетін қалыптастыруда олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы ең бірінші назарға ілінері белгілі. Осы талаптардың үдесінен шыға білген шенділер ғана өз міндетін мүлтіксіз атқарары сөзсіз.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің жазғы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық жиын өтті.

Онда сап түзеген ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің және айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді.

Сондай-ақ жеке құрам қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

Саптық жиынды қорытындылау кезінде мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев анықталған кемшіліктерді жою бағытында нақты тапсырмалар берді.

Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.

aqjolgazet.kz