АУДАННЫҢ АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Бүгін аудандық спорт мектебінде Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 127-жылдығына орай 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ауданының ашық турнирі өтті.
♦Оған 10-команда қатысып, 10-салмақ дәрежесінде бақтарын сынады. Аудандық турнирге Шу ауданынан Бәйдібек, Балуан Шолақ, Көктөбе ауылдары мен Шу қаласының және ауданның Шығанақ, Хантау, Бірлік, Күшаман, Мойынқұм, Құмөзек ауылдарының жас балуандары өз деңгейлерін көрсетіп, мықтылар жеңіс төрінен көрінді.
Спортшыларға бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының мадақтама қағаздары мен сыйлықтары табыс етілді. Жалпы турнирге 150-ге жуық спортшы қатысты.
Мойынқұм ауданы әкімдігі