МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛЫП, ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының кезекті отырысы өтіп, оны аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ашып, жүргізіп отырды. Оған ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары қатысты.
♦Жиында «Аудан бойынша сенбілік жұмыстарының өту барысы және Қызметтік пәтерлердің жай-күйлері мен төлемдердің бюджетке төленуі туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Тлешев, 2023 жыллың !-тоқсанына қаржы игерілудің жоспары туралы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Т.Әділбаев, «Асарлатып үй салу» жобаларының дайындық барысы туралы аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Жаманқұлов, «Мейірім» және «Жомарт түлек» жобаларының іске асырылуы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев, аудан бойынша ақылы қоғамдық жұмыс орындарының орындалуы туралы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қалымбетова, Конго — Кырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған елді мекендердегі қора жайларды тазалау жұмыстарының барысы туралы Кеңес, Қызылтал ауылдық округінің әкімдері Ә.Мұқашев, Ж.Айдарқұлов, әлеуметтік желілердегі кері байланыс туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Тұрарқұл және «2023 жылы көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі басшысы Р.Мұстафаевтар баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді мұқият тыңдаған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қаралған мәселелердің барлығы да өзекті екенін атап, сала басшыларына артылған міндетке жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар ауыл, ауылдық округ әкімдеріне сала орынбасарлары және бөлім, мекеме басшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеу керектігін тапсырды.

Мойынқұм ауданы әкімдігі