ҮКІ ТАҒУ САЛТЫ
Ертеде қазақ дәстүрінің қаймағы бұзылмаған кезде «Сырға тағу» емес, «Үкі тағу» немесе » Белгі салу», ал қытай жеріндегі қазақтар «Қарғы бау» деп атаған.
Жігіттің әке- шешесі көңілдеріне ұнаған қызға
құда түсер алдында қорасына мал кіргізіп, қызға сыйлық берген.
Қыз бен жігіттің ата- анасы
құдаласуға келісіп, қалыңмал жөнінде сөйлесіп, жігіт әкесі осы келісімнің белгісі ретінде
қызға үкі тағады немесе
білегіне білезік салған.
Үкі тағуға барған адам тілге шебер, шешен болуы керек.
Мысалы: Құтым батыр інісі Шағырға қыз айттырып барғанда келу
мақсатын жүйелі жырмен
бастаған:
Жалаулы найза, жарау ат,
Жауға шапсам деп келдім,
Аққуына Үйсіннің
Үкі тақсам деп келдім,- деген жолдардан «Үкі тағу»
салтының болғанын анық
көреміз.
Егер құда түсіп, кит кигеннен жігіт үйленуден
бас тартса, онда олар ат-
шапан айыбын, алған китін, қыз жағының құда
түскендегі шығарған шығының төлейді.
Қыз жағы үкіні қайтармайды.
Содан кейін қызға басқа
біреудің құда түсуіне жол
ашылады.
Ертеде қызға тағатын үкінің айналасын» соқыр
тиынмен» әсемдеген.
Соқыр тиын дегеніміз тиынның бетіндегі бедері
мен таңбасы көп пайдаланғандықтан көмескіленіп кеткен тиын.
Қазақта реніш ретінде
» менің соқыр тиын құрлы
бағам болмады ғой» деп
айтады.
Ал «Сырға салу» деген кейіннен шыққан.
Есік көргенді алдырмай, бесік көргенге сырға салатын қазақ бүгінде байдан баласымен келген қатынды, он екі де бір гүлі ашылмаған қыздай «сырға салып», той жасайды.
Байға тиген қатын-қыз бен үйленген жігіттің ата-аналарында да,бір шайнам ақыл, сана жоқ секілді…
Ат шаптырып,той жаса, бірақ желі жүйесіне салып, елге жарнама жасаудың қажеті жоқ.
Ұятсыздар-ай…
Баяғыда ауылда бір ақсақал қызы тұрмысқа шыққанда жылапты.
-Неге жыладыңыз?- дегенде, атамыз айтыпты: «Ертең қайтып келіп, тағы байға шығама деп қорқып жылап отырмын»- деген екен…Ылайым бақытты болсын!
Ұл баланы ашамайға
отырғызғанда, сол жастағы қыз баланың құлағын тарымен тесіп, сырға таққан.
Оны «Сырға той» деп атаған.
Қазақтың салт- дәстүрінің
барлығы баланың көңіліне
қуаныш сыйлау үшін
жасалған. Бұл тойларға
қыз- келіншектер мен ауылдың бәйбішелері қатысқан. Ал шілдеханаға
ер- азаматтар күндіз батасын беріп, кешкі ойын-
тойға қатыспаған.
Ер- азаматтар «Сүндет той»,
ашамайға мінгізу, тоқым қағар, үйлену тойына ғана
қатысқан.
«Сырға тағып кетіпті» деген
сөздің өзі анайы естіледі.
Баяғыда ауылдың малына мамандар келіп сырға тағатын.
«Тұсау кесерде» корея халқының ақша, аспап,
қалам қоятын салтын да
қабылдадық.
Өзімізде шүмекке арақ құйып ішіп, жаңа дәстүрді әкелдік.
Салтымызды жоғалтпайық.
Онсыз да салт- дәстүрді
ұмыта бастадық.
МАТАЙДЫҢ ТӨЛЕГЕНІНІҢ ҚЫЗЫ РАЙХАН