ТӨРТ-ТҮЛІК ЖАЙЫН НАЗАРҒА АЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов аудан көлеміндегі мал төлдету науқанының барысын көру үшін Айшабибі, Қаратөбе, Өрнек ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалық иелерімен жолығып қайтты.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары «Күйік 2» шаруа қожалығының уақ малдарының жай-күйін көрді.
Рина Артықбаева басшылық ететін қожалықтағы 1000 бас уақ малдың 620 саулық. Қыстан қысылмай шыққан саулықтар толықтай төлдеп, көктемнің көгіне іліккен.
Ілкімді жұмыстарды жүйелендіре білген шаруа қожалық жетекшісі мал санын арттыруға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ербол Жұмабекұлы малға қажетті екпе, сырғалау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ «Әулиебастау» шаруа қожалығында бар 1600 уақтың 960 төлдеген. Аудандық ветеринария стансы бүгінде екпе егу және сырғалау жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ өрнектік «Игілік» шаруа қожалығының ірі қара, жылқы жайы да назардан тыс қалмады.
Аудан әкімінің орынбасары мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайын айтып, шаруалардың талап-тілегіне назар аударды.
Мал төлдету науқанын аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Аманов, аудандық ветеринариялық стансасының директоры Төрехан Қойлыбаевта бірге аралады.

Жамбыл ауданы әкімдігі