ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА АУДАН ДӘРІГЕРЛЕРІ
ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРІ АУДАН АУЫЛДАРЫНА БАРДЫ.
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА қызмет етіп жүрген бір топ білікті дәрігерлер 2023 жылдың 1- тоқсанында ТАЛАС ауданына қарасты 7 дәрігерлік амбулаторияларда болды.
Дәрігерлер ауыл тұрғындарымен жүздесіп, медициналық көмек көрсетті.
Олар тұрғындардың хал-жағдайын тексеріп, консультация берді. Ауыл халқы маман дәрігерлерді іздеп қалаға сабылмай, өз ауылында жүріп денсаулығын түзеуге мүмкіндік алды. Мұндай шара басқа ауылдарда да жалғасын табады.
ТАЛАС ауданында халыққа 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт, 13 медициналық пункт қызмет көрсетеді.
Емхана меңгерушісі Гульнара Каленова бастап барған аудандық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер невропатологы, хирург-ортопед, кардиолог, окулист, гинеколог мамандары бар.
Қаңтар- наурыз айларында іс-сапар аясында мамандар 2000- нан астам адамды қабылдап, медициналық кеңес берді.
Талас Црб