Тараз қаласын абаттандыру жобасы таныстырылды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қалалардың бас жоспарларын, урбанизация және қала құрылысы жобаларын әзірлеумен айналысатын “Urban Living” компаниясының басшылығымен кездесті.
Кездесуге аталған компанияның Бас директоры, компанияның негізін қалаушы Гүлмира Байгабулова, плейсмэйкинг жөніндегі директоры Рикардо Марини қатысты.
Олар қалалық ортаны жақсарту, абаттандыру тұжырымдамасымен бөлісті. Жобада жаяу жүргіншілер мен велосипед айдаушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта құру, туристік инфрақұрылымды дамыту, Тараздың жасыл қала мәртебесін күшейту жоспарлары қамтылған.
Рикардо Марини жүйелі ұсыныстар көне қаланың тарихи орындарының бірегейлігін, климаттық жағдайы мен саябақтардың көптігін ескере отырып әзірленгенін атап өтті.
Облыс әкімі қала басшылығына жобаны жан-жақты зерделеуді, өз ұсыныстарын енгізуді және тұжырымдаманы іске асыру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігі