ҰЛТШЫЛДЫҚПЕН ЕМЕС — ҰЛТСЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСЕТІН КЕЗ КЕЛДІ! — Қазыбек Иса
СЕПАРАТИСТЕР ҮЙЛЕРІНДЕ, СЕПАРАТИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН МАРҒҰЛАН БОРАНБАЙ ТҮРМЕДЕ ЖАТЫР!?.
✅Сепаратизмге Алаш ұлттық идеясы жол бермейді! Ұлттық идеологиялық Концепция қабылдануы тиіс!
✅Жарылғыш затты жасырып қойғанмен жарылмай қалмайды, оны залалсыздандыру
керек!
✅Тәуелсіздік идеясына қарсы, сепаратизм уын себетін шет елдік телеарналар, сайттар тоқтатылуы тиіс!
✅Шеттегі қалың қандас көшіне шектеу қойғандар жауап беретін кезі келді!
✅Бір тілде ғана сөйлеген ел біртұтас болады!
Сепаратизмге Алаш ұлттық идеясы жол бермейді! Ұлттық идеологиялық Концепция қабылдануы тиіс!
Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің алғашқы жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мәлімдеді. Ол Петропавл қаласындағы сепаратистік топты қатаң жазаға тартуды талап етіп, Петропавл мен Павлодар қалаларына еліміз атап жүрген тарихи атауларды қайтаруды көтерді.
***
Премьер-министр Смайыловқа;
Бас прокурор Б.Асыловқа;
ҰҚК төрағасы Е. Сағынбаевқа
Биыл 19 наурызда Петропавлда 19 сепаратист “Халықтық кеңес” ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады.
Тек қоғамдағы үлкен шудан соң облыстық құқық қорғау органдары “қылмыстық іс қозғалды” деген болар-болмас хабар таратты.… Оған дейін жарты ай өткенше, олар қайда қарап келген?
Қылмыстық Кодексте мемлекет біртұтастығын бұзуға шақырғандарға қатаң жаза бар. Ал осы қылмысқа барған 19 сепаратист түк болмағандай, үйлерінде отыр. Ал сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескен марғасқа Марғұлан Боранбай үш жылдан бері тастүрмеде жатыр…
Қазбек Иса ФБ парақшасынан