“Етегіне салып” деген салты білесіздер ме?
Қазақ халқының ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен жалғасып келе жатқан құндылықтары баршылық. Әсіресе, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрге аса бай халықта осы-қазақ халқы.
Ертеде туа сала шетіней берген шаңыраққа қазақ мынандай ырымды пайдаланатын болған. Әлгі бала тұрақтамаған үйде тағыда жаңадан туған нәрестені жақындары (аға-жеңгесі) немесе жекжат-жұраттары, көршілері әйтеуір бірі “етегіне салып” үйлеріне алып кететін болған. Содан әлгі кісілер баланы құндақтап орап, жеті кемпірдің бұтынан, жеті ошақтың астынан өткізіп, ауылдың шетінен түсіп шарлап, “бала сатамыз, кім алады?!” деп жар салып жүреді. Сонда нәрестенің өз туған ата-анасы әлгі кісілердің алдынан шығып, қара нарға кілем жауып, тарту-таралғысын жасап сәбиді сатып алатын болған. Содан кейін нәрестеге “Сатыбалды” немесе “Сұрабалды” т.б. есімдерді қоятын болған.
Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ
Орталықтың аға ғылыми қызметкері.