Оқыту моделі ортаға салынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессияларжәне ғылыми пікірталастарда бірнеше бағытқамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргіжурналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары жәнеөзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияныңжаңа форматы; тұрақтылықты сақтаудағыжурналистік шешімдер және жергілікті БАҚ әлеуеті.

Конференция барысында әлемдік және отандықжурналистика саласындағы жетекші сарапшылардыңшеберлік сабақтары жоспарланды. Халықаралықдеңгейді қамтыған конференцияға отандық жәнешетелдік БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ныңҚазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментініңөкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, ҰлыбританияПольша, Түркия, Ресей ғалымдары мен бұқаралықкоммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ журналистика факультетініңдеканы Нұржан Қуантайұлы халықаралыққауымдастықтың ынтымақтастығын арттыраотырып, білім беру жүйесінде ортақ жетістіктергеқол жеткізуге болатынын жеткізді. ЮНЕСКО-ныңжурналистика және коммуникация кафедрасыныңмеңгерушісі Назгүл Шыңғысова соңғы 7 жылдаКафедраның әлемдік деңгейдегі жетістіктерінетоқталды. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпаратбөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандықкоммуникациялар департаментінің Қазақстандағыөкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросыныңбасшысы Властемил Самек ғылыми орта бас қосқанконференцияның экология, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат т.б. күнтәртібінде тұрған жаһандық проблемаларды шешугеүлес қосатынын айтты.

Бірнеше елдің өкілдері пікір алмасқанконференцияда Венгриядағы Дебрецен университетінің профессоры Бичзо Габор, Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Әбдінасыр Назира, Польшадағы Адам Мицкевич университетініңпрофессоры Радослав Фидлер, «Ала-Тоо» Халықаралық университеті Журналистика факультетінің деканы Турдалиева Элира, а – Пенза мемлекеттік университетінің доценті Зуеева Галина, Қ.Қатындағы Бішкек мемлекеттік университетініңдоценті Асанова Алтын, Түркітілдес журналистерқорының президенті Н.Жоямергенқызы  т.б. баяндама жасады.

Нәзия Бисенова.