Атырауда Bookcrossing акциясы қорытындыланды

Қазақ Елі Тәуелсіздік алғалы дамудың жаңа жолына түсті. Мемлекеттің бұл жетістіктері Тұңғыш Президенттің өлшеусіз еңбегімен байланысты. Ұлт Көшбасшысының жетістіктерін ұлықтау мақсатында 1-желтоқсан күні Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Әуелі таңертеңмен мектеп ұстаздары арасында жүгіруден марафон ұйымдастырылып, әйелдер мен ерлер жас ерекшеліктеріне сәйкес спорттағы қабілеттерін көрсетті. Елбасы мектебінде шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында өткен марафонға мектеп ұжымы ауа райының суықтығына қарамастан мерекелік көңіл күймен келген.

1

Спорттық сайыстардан соң мерекелік шаралардың лебі мәжіліс залында жалғасын тапты. Мұнда жиналған ата-аналар мен мектеп меймандарын Елбасы мектебінің директоры Айдарбек Айтпөкешев құттықтады:

  • Біз, міне, барша қазақстандықтар болып еліміздегі тамаша мерекелердің бірі, Тұңғыш Президент күнін тойлап отырмыз. Елбасы өз жолдауында үнемі ұлттық білім беру саласына мән беріп, әркез жастарға қолдау көрсетіп, оларды ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырады. Сондықтан мен баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне үлес қосуға шақырамын.

                       4    5

Мемлекет басшысының тек Қазақстанда емес, әлемдік қауымдастықтағы орны мен жетістіктері Тәуелсіздігіміздің төл жемісі. Сонау 1991 жылы егемендік алған, әлемге беймәлім жас мемлекеттен қуатты Қазақстанды құрған Н. Назарбаевтың дара жолы, сөзсіз, қазақ халқының ғасырларға созылған арманының ақиқатқа айналған көрінісі. Президенттің жетістіктері мен Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына тоқталған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, Елбасының өмірін сахналық қойылымдар арқылы көрсетіп, жиналған қауымға ән мен биден шашу шашты.

6

  • Бүгінгі шарада мен Елбасының рөлін азғантай уақытқа ғана сомдасамда, президентіміздің қандай адам екендігіне тағы да көз жеткіздім. Ұлт Көшбасшысының өмірі қарапайым еңбектен басталды. Оның өмірінде де түрлі кедергілер мен қиындықтар болғанын білеміз. Бірақ біздің Елбасы сол сәттерде сан соқпай, өз күш жігерінің арқасында Қазақ елінің келешегі үшін күресе білген», — деп бөлісті өз пікірімен 11 сынып оқушысы Бекарыс Есенбай.

                               8  10

Сондай-ақ бұл күні қараша айында бастау алған Bookcrossing акциясы да қорытындыланды. Бір ай бойы өңірдегі зияткерлер және олардың ата-аналары ұстаздармен бірлесіп мектеп кітапханасына өздері оқыған үздік шығармаларды жинақтады. Мерекеге орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары бұл кітаптарды Махамбет ауданындағы Береке ауылының негізгі орта мектебіне табыстап, оқушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Жиналған 300-ге жуық әдебиеттердің тақырыбы алуан түрлі. Олардың арасында ғылыми-танымдық, тарихи биографиялық туындылар да бар. Атап өтейік, вookcrossing акциясы осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты жастар арасында кітап оқуға деген құмарлықты ояту, шалғайдағы ауыл мектебі оқушылары үшін жаңа кітаптарға қолжетімділікті арттыру болып табылады.

7

Берекелік балалар кітаптарды зор қуанышпен қабылдады. Өз кезегінде олар атыраулық достарына әдемі ән, ерекше көңіл күй сыйлап мерекеге орай құрмет көрсетті. Назарбаев Зияткерлік мектебі директорына ризашылығын білдірген ауыл мектебінің әкімшлігі, оқушылардан мектеп директорына арналған алғыс хатты табыстап, жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы

Суреттерді түсірген мектеп баспасөз қызметі.