ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА БОЛУ КЕРЕК
Бүгін аудан әкімдігінде аудан аумағында жүргізілетін құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу нысандардың беріктігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыру туралы жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарма басшысының міндетін атқарушы Бисембаев Қайрат Аширалұлы қатысты.
Сонымен қатар, жиынға тиісті мекеме, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, құрылыс нысандарының әкімшілері қатысты.
Өз сөзінде басқарма басшысы құрылыс жұмыстары барысындағы жұмысшылардың қауіпсіздігі, құрылыс алаңы мен іргелес аймақтардағы санитарлық тазалықтың қамтамасыз етілуі, кез-келген құрылыс жұмыстары басталғанға дейін құрылыс алаңы мен қауіпті аймақтардың қоршалуы сияқты қауіпсіздік шараларымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуының алдын алу мақсатында құрылысқа қажетті материалдардың дұрыс сақталуына, құрылыс материалдары сапасының жоғалуына жол бермейтін шаралар қолдануға баса назар аудару керектігіне тоқталды.
Материалдарды, бұйымдарды, құрылымдар мен жабдықтарды қоймалауды және сақтауды нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажеттігін,
жалпы, ауданда жүргізілетін әрбір құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстары, олардың сапасы, беріктігі, қауіпсіздігі қатаң бақылауда болу керектігін айтты.
Құрылыс жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктердің орын алмауын қадағалауды тапсырды.
Сондықтан, аудандарды аралап, проблемалық мәселелерді бірлесе шешу жолдарын қарастыру үшін келіп отырғандығына тоқталды.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты, құрылыс жұмыстары барысында туындайтын мәселелер туралы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігі