ӘЙГІЛІ ҚАНЫШ СӘТБАЕВ СОТ БОЛҒАН
Кезектi сот мәжiлiсiнде жасы жетпiске шыққан қарияның iсi қаралады. Соттың үкiмiмен шал жасаған «қылмысы» үшiн 15 жылға кесiледi. Соттың үкiмi жарияланған соң сот төрағасы Қаныш Сәтбаев сыпайы түрде ақсақалдан ақырғы айтар сөзiңiз бар ма деп сұрайды. «Ұлықсат болса бiр-екi ауыз сөз айтайын», – дейдi. «Балам, кеңес заңының үкiмi әдiл, мен сол заңға қайшы қылмыс жасаппын. Бiрақ өкiметтiң дүниесiн қара басым үшiн қажет деп ұрлаған жоқпын, хат тануым шамалы едi, шамасы есептен қателескен болуым керек. Басқа не айтамын. Жас судьяға көптен-көп рахмет. Өйткенi, ол менiң қартайған жасыма 15 жас қосып, ұзартып берiп отыр. Алла жазса тағы бiраз уақыт өмiр сүретiн болдым. Мiне, менiң ақырғы сөзiм осы… »
Осы сөздер нәзiк жанды Қанышты қатты толғандырып, көңiлi босап, ертеңiнде өтiнiш жазып, сот қызметiн тастап кетіптi…