БАС БАТЫР……..

 

Зейнолла Самашев ағамыз бірде Моңғолияға барғанда, сондағы бір моңғол ақсақалдың үйінде түнепті. Әлгі моңғол ғалымы таңертең тұрған кезде ағамызды ақырын сөзге тартып, ханның бас батыры Қабанбайдың аты қайдан шыққанын сұраған екен.

Зейнолла ағамыз «қабанды өлтірген, өйткен, бүйткен» деп, өзіміз білетін версияны айтып береді. Сол кезде моңғол оған «Қабан» деген сөздің түркі-моңғол жұртында батырлардың атына қосақталып айтылатын титул, статус сияқты болғанын айтып, тарихшы ағамызды таң қалдырыпты.

Қабан – бас батыр, үлкен батыр деген сөз екен сонда. Біз оны қабанды қырғаннан кейін солай деп атап кеткен екен деп жүріппіз. Батырлардың көбі жанама атымен, лақап атымен тарихта қалған ғой.

Қазақта ғана емес, бүкіл елде солай. Европада да шайқаста жеңіп шыққан қолбасшының аты-жөніне сол жердің аты қосақталып айтылады. Александр Невский, Герцог Бургундский деген секілді..

Қырғызға ең көп тізесі батқан – осы Қаракерей Қабанбай мен Көкжал Барақ екен. Қабанбайды қырғыз «Қаракерей Қаманай» дейтін көрінеді..

Жолымбет Мәкіш.