ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Көкбастау ауылдық округіне қарасты «Бақыт» шаруа қожалығы құлпынай өсімдігін 2021 жылдан бері өсіріп келеді. Қазіргі таңда құлпынай алқабын 1 га аумаққа ұлғайтуда. Аталған шаруа қожалық құлпынайдың «Қара ханзада» («Черный принц») атты сортын өсіруде.
Жалпы құлпынай күй талғамайтын, яғни кез келген жерде өсе беретін және климатқа онша тәуелді емес өсімдік.
100 грамм құлпынайда 36,9 ккал калория бар. Сондықтан да ол диеталық тағам түріне кіреді. Құлпынай дәмді жидек қана емес, тамаша десерт әрі емдік тағам болып саналады. Оны жеген адамның асқа деген тәбеті ашылады. Ас қорыту жүйесі жақсарады. Құлпынай сонымен бірге тер шығаратын, несеп айдайтын қасиетке де ие.
Сол үшін құлпынай өсіру ауыл шаруашылығындағы табысты кәсіптің біріне жатады.

Жуалы ауданы әкімдігі