ҚЫЗ ТІЛЕГІ МАҚПАЛ……..

Бір қызы бар үйдің өзіне күніне құдайдың құдіретімен он екі берекет кіреді. Сол отбасының ризық несібесін Алла тағала қызының құрметіне арттырып қояды. Қыз қолын жайса, тілегін қабыл етеді. Мұратын асыл етеді екен.

Дәрігерге әкесін арқалап таситын үш қызды көрдім. Әңгіме барысында ұл тумадың деп уақытында әйелімді үш қызыммен тастап, басқа қатын алып кетіп ем.

Ол әйелден екі ұлым бар. Бойдан қуат, қалтамнан пұл кеткенде оларға керек болмай, далада қалдым. Қол аяқтан жан кетіп, сал ауруына ұшырадым.

Амалым жоқ қыздарыма хабарластым. Далаға тастайтын әкеміз жоқ-деп үйлеріне алып кетті. Үшеуі кезек-кезек дәрігерге арқалап тасиды. Амандығымды Алладан тілейді. Қыз тілегі мақпал деген. Бетім бүгінде бері қарады.

Қыздарымыздың қадірін білейік-деп жылағанда көз жасы қарт әкенің жанарын жуып кетті.

МАҚСАТ СҚАҚОВ ФБ парақшасынан