Мың айданда қайырлы қадір түні құтты болсын қазақ елі!

«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы- ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық»,деген екен..!

Ендеше, өмірдің мәні де, сәні де сыйластық екенін ұмытпайық..!

Құрметті қазақ елі, арамыз сиремей, қуансақ тілеулес, мұңайсақ ниеттес болып, бір-біріміздің көңілімізді табайық бірлікте ынтымақта болайық айналайындарым..!

Бүгін мың түннің сұлтаны «Қадір түні» тілеген дұға ниеттеріңіз періштенің құлағына шалынып, армандарыңыз орындалсын..!

ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ, БІРЛІКТЕ ҒАНА ОСЫ ӨЗДЕРІҢМЕН ЖАСАП ЖАТҚАН ҮЛКЕН ТІРЛІКТЕРІМІЗ ЕНДЕШЕ ДЕНДЕРІҢІЗГЕ САУЛЫҚ ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗҒА БАҚ БЕРЕКЕ, ЕЛ АМАН БЕРЕКЕЛІ БЕЙБІТ ЗАМАН БОЛЫП КЕЛЕСІ ОРАЗАДАН ОРАЗАҒА АМАН ЕСЕН ЖЕТЕ БЕРЕЙІК!

Құрметпен “Qazaqstan dauiri” газеті, “Мөлдір бұлақ” журналы мен “Elana” сайтының ұжымы