Жерлесіміз үздік атанды

Қасиетті Құлан жері тума таланттарға бай өлке. Аталмыш киелі топырақтан талай спорт саңлақтары да, күміс көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де шығып келеді. Қуантатыны сол, аға буынның ізін өскелең ұрпақ лайықты түрде жалғап келеді. Соның бірі — Досхан Айтқұлов. Досхан жуырда ғана тарихы тереңде жатқан Түркістан жеріне барып, республикалық «Яссауи оқуларынан» бас жүлде иеленді. Ол Яссауидің 40 хикметін жатқа айтып, Қазақстан тарихы бойынша қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген. Осылайша ол еліміз бойынша қатысқан 75 оқуышыны артқа тастап, үздік атанды. Дарынды әрі талантты жерлесімізді және оның жетекшісі Ахметбекова Назгүл Асқарбекқызын шын жүректен құттықтаймыз.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі