ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Бүкіл тіршіліктің күретамыры жол екендігі сөзсіз. Сондықтан кез келген ел жолдың сапасына қатты көңіл бөлген.
Ауданымызда да тұрғындардың жүріп – тұруына қолайлы жағдай туғызу үшін жол жағдайына баса назар аударылуда.
Биылғы жылы ауданда 11 жол жөндеу жобалары іске асырылатын болады.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Шағалалы ауылына кіре беріс 9,2 шақырым жол жөнделеді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын 10 жоба қолға алынды.
Атап айтқанда, Саудакент ауылындағы Ө. Сармолдаев көшесі, Ш. Уәлиханов көшесі, Абылайхан көшесі, Жаңаталап ауылында Р. Сатенұлы көшесі, Данияров көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу және Данияров көшесін жарықтандыру жобалары бар.
Сонымен қатар, Ұйым ауылындағы Сағынтаев көшесі, Жайылма ауылындағы Т.Рахым, Жаңа көшелері, Тоғызкент ауылындағы Төреқожа, Бетпенбет, С. Датқа көшелерін жөндеу жұмыстары бар.
2023 жылы аудандық жол құрылыс саласына 616,8 млн. тенге бөлінді.
Оның ішінде, республикалық және облыстық бюджеттен 413,8 млн. тенге, жергілікті бюджеттен 203 млн. тенге қаржы қарастырылып отыр.
Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, жұмыстар басталып кетті.
Жалпы, аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 525,5 шақырымды құрайды.
Сарысу ауданы әкімдігі