АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ДЕРЕКТЕРДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы міндеттер өтініш берушіден мемлекеттік қызметтер көрсетудің айқындау сипатына көшу және халықтың қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізуде Отбасының цифрлық картасының септігі орасан
Бүгінде «ОЦК» ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіруге байланысты жауапты басқармалармен яғни білім денсаулық, жастар саясаты, ауыл шаруашылылығы және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктермен бірлесіп, отбасф мүшелеріндегі азаматтардың мәліметін нақтылау нақтылау жұмыстары жүргізілуде.
«ОЦК» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді өзектендіруге денсаулық сақтау басқармасынің 3 қызметкеріне, ауыл шаруашылық басқармасының 2 қызметкеріне, жастар саясаты басқармасының 3 қызметкеріне, білім басқармасының 2 қызметкері мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің 19 қызметкеріне және қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдеріне 11 қызметкерлеріне логин беріліп, өзектендіруге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді келесі салалар бойынша іске асыру жоспарланған.
Білім басқармасы мектепке дейінгі (2-6 жас аралығы) 42380 баланы, мектепке немесе техникалық және кәсіптік білім беру мекемесіне бармайтын 21832 баланы өзектендіру, денсаулық сақтау басқармасы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына төлем жасамаған 219102 азаматтарды нақтылау, жастар саясаты басқармасы NEET санаттағы 36987 жасты анықтау және ауыл шаруашылық басқармасы қорда аударымдары жоқ жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар бойынша 38499 адамды өзектендіруі қажет.
Жұмыс алгоритміне сәйкес өзектендірілуге жататын азаматтардың мәліметін өз құзреті шегінде «ОЦК» ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы өзектендіру жұмыстары әрбір жауапты басқармалар тарапынан жүргізіледі.
Нәтижесінде, Цифрлық карта арқылы әр жанұядағы адам санын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғын, баспана, денсаулық жағдайын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жүйенің тиімділігі әр отбасына тиісті төлемдерді өтініш бермей-ақ, автоматты түрде ала алады және мұқтаж отбасыларды дер кезінде анықтайды.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы