Саналылыққа қадам басу.

Саналылық деген не? Біріншіден, өзіңізді сырттай бақылай білу: ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңызды. Екіншіден: ситуацияға басқа адамның көзімен қарай білу, оның көзқарасын, мақсатын, талпынысын білу. Үшіншіден: өзінің маңайын, қоршаған ортасын көре білу, олардың қызығушылығын , құндылықтарын және мотивациясын түсіне білу. Төртіншіден: Үстіден, шахматшы шахмат тақтасына қарағандай, өз қаласын, елін,мемлекетін, көре білу, саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа процесстерді қозғалысқа келтіріп тұрған көзге көрінбейтін механизмдер мен пружиналарды көріп, түйсіне білу. Бесіншіден, бүткіл дүниені кеңістіктен көре білу. Тарихи, геополитикалық, микроэкономикалық процестерді саналы түрде көріп, түйсіне білу. Ой толғау, ойлану. Ой толғау, негізінен, тыныштықта, оңашада іске асады. Ол үшін тыныш жерді іздеу қажет емес, ұшақта, метрода, автобус күтіп тұрғанда, іш пысыратын жиналыстарда отырып-ақ ой толғауыңызға, дамуыңызға болады. Мүмкіндігіңізше сағат сайын, өзіңізге сырттай қараңыз. Не ойлап жүрмін, не істеп жүрмін, не айтып жүрмін, не сезініп жүрмін деп, ойланыңыз. Өзіңізді өзіңіз зерттеңіз. Сіз өзіңіздің сөзіңізді, ойыңызды, сезіміңізді және денеңізді басқара білгенде ғана сіздің өміріңіз түбегейлі өзгереді.Материалдық байлық, атақ, даңқ, билік, жақсы дос, бақытты жанұя – бұның барлығы сіздің ішкі дүниеңіздің дамуының нәтижесі, қосымшасы. Сіздің жаныңыз, тәніңіз, рухани байлығыңыз сайма-сай болса махаббатқа, қуаныш пен сәттілікке толы бақытты да бай өмірге жол ашылады. Өзіңізге «Мен кіммін? Қайда бара жатырмын? Не үшін? Неліктен? Кімге тиімді?» деген сұрақтар қойып, жауап алыңыз. Сағат сайын емес, кез келген сәтте жауап алатын болсаңыз өміріңіз өзгереді.Карьерада, бизнесте, саясатта, ғылымда, жеке өмірде жол кеңінен ашылады. Саналылықтың бірінші қадамына «1 апта уақытыңызды жіберіңіз. Құрметті оқырман, жан дүниеңізді, тәніңізді, рухани байлығыңызды тұрақты дамытып, жаңартып отырыңыз. 10 000 қадамдық жол әрқашан бірінші қадамнан басталады. Біз үшін бірінші қадам – бірінші аптадағы ой толғау.

Саналылықтың 1-қадамы. Өсудің 1- аптасы. Құрметті оқырман, телефоныңызды 1 сағат сайын ескертуге қойыңыз. 00. Көрсеткенде ойша 2 есеге үлкейіңіз де, өзіңізге жоғарыдан қараңыз. Өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз: Мен қазір не туралы ойлап тұрмын? Неге бұл туралы ойлап тұрмын? Бұл ойым мені табысқа әкеле ме? Егер біреу (мемлекет, теледидар, коорпорациялар жарнамалық роликтер арқылы, қызметтесіңіз, достарыңыз, жақындарыңыз, туыстарыңыз) сізге өз ойларын айттса, өзіңізге төбеден қарап тұрып: Олар нені меңзептұр? Оларға не пайда бар? Неге олар бұны жасайды? Не үшін жасайды? Нені көксеп тұр?, — деген сұрақтарды қойыңыз. 1- апта үшін осы жеткілікті. Жай ғана бақылаңыз. Сұрақтар қойыңыз. Егер мүмкіндік болса, ойларыңызды жазып отырсаңыз болады. Назар аударыңыз! Есіңізде сақтаңыз! Сіз ойларыңыздың нәтижесі емессіз. Ойды сіз басқарасыз! Ойды сіз жасайсыз!

Саналылықтың 2- қадамы. Өсудің 2- аптасы. Өзіміз айтып жүрген,жазып жүрген, естіп жүрген сөздерді бақылаймыз: Неге? Не үшін? Кімге пайдалы? Есіңізде сақтаңыз! Сіз сөзіңіздің нәтижесі емессіз! Сөзді сіз басқарасыз!

3- қадам. Өсудің 3- аптасы. Жаттығудың принципі бұрынғыдай, тек өзіміздің сезімімізді, эмоциямызды зерттейміз.Үнемі сұрақтар қоямыз. Есіңізде сақтаңыз! Сіз сезіміңіздің нәтижесі емессіз! Сезімнің құлы болуға болмайды. Сезімді сіз басқарасыз!

 

  

Саналылықтың 4- қадамы. Өсудің 4- аптасы. Өзіңіздің керемет, сүйікті, мықты, әдемі тәніңізді бақылайсыз. Осы минуттан бастап «Менің қолым ауырып тұр» демейсіз, «Менің тәнімнің қолы ауырып тұр»дейсіз. Тәнімізді(тәніміз – жанымыздың сарайы) бақылай отырып, тәнімізді шаттық,бақыт, энергия, жастық пен қуаттың негізі ету мақсатында зерттейміз.Өзіңіздің тәніңізді тыңдаңыз, ешқандай дәрігер сізден артық білмейді. Бақылап қана қоймаймыз, бұлшық еттің негізгі тобын контрольға аламыз. Беттің мимикасын 70- тен астам бұлшық ет басқарады.Осы сәттен бастап жиі-жиі күлуге бұлшық етімізге жұмыс жасатамыз. Басыңды көтер, езуіңді қаттырақ ашып күл, еңсеңді көтер, ыйығыңды жаз, арқаңды тік ұста, аяғыңды нық бас. Сонымен қатар біз не жеп жүргенімізге мән беруіміз керек. Қанша энергия, оптимизм, қуаныш береді? Құрметті оқырман, үнемі есіңізде сақтаңыз: біз барлығымыз әр түрліміз, барлығына бірдей диета жоқ.Өр адамның өз генетикасы, өз өскен ортасы бар. Өзіңізге сай қуат көзін табыңыз. Осы 4- қадамды жасай отырып, алдыңғыларын ұмытып кетпеңіз. Үнемі ойыңызды, сезіміңізді, сөзіңізді және тәніңізді бақылауда ұстаңыз.

Саналылықтың 5- қадамы. Өсудің 5- аптасы. Құрметті оқырман, сізді жаңа белестерді игергеніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз берілмедіңіз, жан дүниеңізді, интеллектіңізді, энергияңызды, күшіңізді дамыту жолында нық қадаммен жүрдіңіз. Келесі заңды қадам- біз өсіп, дамып,жеңіп келе жатқан ортамызды, маңайымызды зерттеу, бақылау. Ойша, өзіңізді өсіп, 20 қабатты үйдей болғаныңызды көзіңізге елестетіңіз. Төбеден өзіңізге ғана емес, өзіңіздің маңайыңызға қараңыз. Сұрақтар қойыңыз: Бұл адамдар неге талпынып жүр? Олардың қандай арман мақсаттары бар? Өмірде неге жеткісі келеді? Мақсаттары қаншалықты жоғары? Олардың нақты қызығушылықтары қандай? Олар не оқиды? Қандай фильмдер көреді? Олар нені талқылайды? Егер сіздің маңайыңыздағылар басқа адымдарды талқылайтын болса, онда олардың жан дүниесінің тар екендігін көрсетеді, тек «кішкене » адамдар басқа адамдарды сөгіп, уақытын басқа адамды сөз қылуға жұмсайды. «Үлкен» адамдар үлкен ойларды, үлкен идеяларды, үлкен проэктілерді талқылайды. Адамдарды «кішкентай» деп оларды төмендетіп не ренжітейін деп тұрған жоқпын. Біреуді артық, біреуді кем дегенім емес. Сұр, мақсатсыз ортада даму өте қиын.Ортаның көзқарасқа, жетістікке, өсуге қалай әсер етеді деген тақырыпқа ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізген. Өз ортасын түсінгеннің өзі – жартылай жеңіске жеткендік.

Саналылықтың 6- қадамы. Өсудің 6- аптасы. Бұл қадамда біз ең маңызды категория- ойымызды қолға аламыз. Белсенді іске кірісеміз. «Резинка» жаттығуын жасаймыз. Білегімізге резинка кигізіп, миымызға жаман ой келе қалғанда, білегімізді ішкі жағынан резинкамен тарс еткіземіз. Сонымен қатар өзімізге ескерту жазамыз да, көзімізге үнемі түсетін жерге: үстел үстіне, компьютер, телефон бетіне, тоңазытқышқа жапсырып қоямыз: Қазір менің ойлап тұрған ойым мені арман, мақсатыма апара ма? Жоқ па?»

Дамудың 6 – қадамы – өз ойыңды саналы түрде қадағалауға алғашқы талпыныс. Тек бақылау емес, қадағалау. Адам- өзінің ойының нәтижесі. Біз кешегі ойымыздың әкелген жеріндеміз. Ертең бүгінгі ойларымыздың апарған жерінде боламыз. Осы сәттен бастап біздің саналы мақсатымыз – ол біздің санамызды, миымызды жағымды, жарқын, оптимистік ойлармен толтыру. Егерде, құдай басқа бермесін, сіздің өткеніңізде жаман не қиын жағдай болса, не ғұрлым ол жайлы аз ойлауға тырысыңыз. Жанған отқа неғұрлым аз отын салсаңыз, соғұрлым тез өшеді. Біздің психикамыздың жаратылысы: бір сәтте тек бір нәрсені ғана ойлай аламыз. Сондықтан жақсы, жағымды нәрсені ойлап не армандап тұрғанда, жаман , жағымсыз нәрсені ойлай алмаймыз. Жақсы нәрсені ойлап, жақсы нәрсені армандау арқылы автоматты түрде өз өмірімізді жақсылыққа бұрамыз. Егер бүгін сіздің жетістігіңіз аз, ақшаңыз аз, немесе көп қарызыңыз, немесе басқа да мәселеңіз бар болса, мақтан ететіндей ештеңеңіз болмаса – онда тұрған ештеңе жоқ. Сіз 6 — қадамға көтерілдіңіз. Бұл сіздің басқа адам болғаныңыздың нақты дәлелі. Сіз басқа өмірді, болашақты құрдыңыз. Берілмеңіз. Осы жолмен жүре беріңіз. Ең маңыздысы – жан дүниеңізді, тәніңізді, интеллектіңізді кемелдендіруді тастамаңыз. Бұл бақыттың, жетістіктің, байлықтың дара жолы.Әр қадам сайын тағы да бұрынғыдан да милы, бұрынғыдан да мықты, тағы да оптимист, тағы да көңілді, тағы да бұдан да ақылды бола беріңіз. Саналы түрде дамудан, интеллектуалды және рухани өсуден ләззат алуды үйреніңіз. Сонда сіз жетістік, бақыт, атақ-даңқ қалай келгенін білмей де қаласыз. Аңсаған арманыңыз бен мақсатыңызға жетесіз.

Саналылықтың 7- қадамы. Өсудің 7- аптасы. Ұлы адамдардың менталитетін, ойын, іс әрекетін көшіру. Біз бақталастық пен бәсекелестіктің дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бала күнімізде- ақ жарысқа түсеміз. Оқушылар сыныпта, қалада, әлемде 1- орын үшін күреседі. Үлкендер жақсы үй, жақсы шарт жағдай үшін бәсекелеседі. Карьера, бизнес, жанұя құру, денсаулық – бұлардың барлықы тұрақты бәсекенің ортасы. Үлгі алатын болсақ ең мықтылардың мықтысынан, жақсылардың жақсысынан үлгі алайық. Ұлы философтар, ойшылдар, ғалымдар, кәсіпкерлер, өнер, ғылым қайраткерлері. Өмірде қай салада болсаңыз да үлгі алар ұлы адамдар көп. Ұлыларды еске түсіріп, ұлы істер, туындылар, ойларды үйрене отырып, сіз өзіңіз де ұлы боласыз. Ол үшін не істеу керек? Ұлы адамдардың ішінде кімдер сізді шабыттандарады. Соны түсіну керек.Солардың портретін тауып, принтерден басып шығарып, жұмыс үстеліңіздің, төсегіңіздің тұсына іліп қойыңыз. Компьютердің бетіне қойып қойыңыз. Осы маңызды жаттығуды мен «Ұлылар Ұлылардың есінде» деп атаймын.Сіз өз піріңіздің портретін көргенде ойша оның күштерінің , данышпандығының, жетістіктерінің бір бөлігі сіздің жаныңызға, сіздің жүрегіңізге беріледі. Пір тұтатын адамдарыңыздың күнделіктерін, естеліктерін, олардың достарының естеліктерін оқыңыз. Атақты адамдардың өмір стратегиясын, ойларын, тәсілдерін үйрену керек. Олар қалай ойлады? Не туралы армандады? Қалай армандады? Неге талпынды? Қиындықтарды қалай жеңді? Ұлылардың тарихын оқи отырып, сіз де ұлы боласыз, солардың деңгейіне жетесіз. Фотоларға қарап, біз ұлы мақсаттар, ұлы өмір, ұлы істер, ұлы энергия, ұлы күшті көреміз.

Саналылықтың 8- қадамы. Өсудің 8- аптасы. Келесі қадамды біз өзіміздің қайда бара жатқанымызды түйсінуге арнаймыз. Осы аптадан бастап біз күн сайын 3 сұрақты қоямыз: «Мен кіммін? Мен Қайда барамын? Не үшін?». Бұл сұрақтар несімен маңызды? Себебі қазіргі өмірде барлық саяси, әлеуметтік процестер, ақпарат қарқынды өзгеруде. Біздің төңірегімізде барлығы өзгеруде. Біз барлығына да үлгеріп, барлығын біліп, көргіміз келеді. Біз осы ағыста бағытымыздан адасып қалмау үшін, біз өзімізді рухани дамытуда, жанымызды, тәнімізді кемелдендірер жолда ауық￾ ауық ойша тоқтап, «Мен кіммін? Қайда барамын? Не үшін?» деген сұрақтарды өзімізге қоюымыз керек. Бұл өте жақсы  тест. Бұл өмір жолымыздағы өте жақсы GPS: өзіңнің координаттарыңды, өз жағдайыңды түсіну, ары қарай қайда бару керектігін түсіну. Жай ғана өзіңізге алшақтан қараңыз, осы сұрақтарды қойып, өзіңізбен бірге жауап беріңіз. Бір аптадан кейін сіз өз жалыңызды түзетіп аласыз, анығырақ және тиімдірек етіп алатыныңызға кәміл сенемін.Ал егер дұрыс жолмен келе жатқаныңызды түсінсеңіз, бұл сізге бұрынғыдан да көп күш, бұрынғыдан да көп оптимизм, бұрынғыдан да көп сенімділік береді.

Саналылықтың 9 — қадамы. Өсудің 9 — аптасы. Бұл аптаны біз уақытты қадағалауға арнаймыз. Өз уақытыңызды бақылаңыз, белгілеңіз, жазыңыз. Уақыт – бұл біздің ең басты орны толмас қорымыз. Махатма Ганди былай деген: « Мәңгі өмір сүретіндей оқы, бір күнің қалғандай өмір сүр.» Осы аптаның әр күнін ең соңғы күні екен деп көзіңізге елестетіңізші. Бұл ерекше тәсіл. Сізге қандай кездесулер мен танысулар мәнсіз? Сіздің өміріңізде қандай заттар маңызсыз? Қандай адамдар, заттар, оқиғалар сіздің өміріңізді ұрлап жатыр? Осыны ой елегінен өткізіп, өз құндылықтарыңызды, стратегияңызды қайта қарап шығыңыз. Мақсатыңызға жақындауға ойыңызды , талпынысыңызды шоғырландырыңыз.Ұлы ойшылдар айтқандай: Мән-мағынасыз әңгімелерден сақтаныңыз.

В.В.Довгань.

Аударған: Нұрсұлу СЕРІКБАЕВА