Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмысқа жолдама алды
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарының бірі халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуге бағытталған.
Бүгін осы мақсатта партияның «Кедергісіз Келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 20 мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 100-ден аса аса бос орындарды ұсынды. Осылайша, тағдыр тауқыметімен мүмкіндігі шектеулі болған жандар мекеме өкілдерінен кеңестер алды. Нәтижесінде, 18 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа жолдама алып отыр.
Жолдама алған азаматтарға мамандықтарына сәйкес күзетші, аспазшы, шет тілінің мұғалімі, еден жуушы, көлік жүргізушісі, сатушы, менеджер сынды жұмыстар ұсынылып отыр. Алдағы уақытта олардың тұрақты жұмысқа орналасып кетуі партия назарында болады.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында қоғамдық қабылдау да ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ерекше қажеттілігі бар жандарды жеке мәселелеріна құлақ түрді.
Азаматтар қабылдауда мүгедектік тағайындау, тағайындалған мүгедектік тобына келіспеу, материалдық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, санаторлы-курортты ем қабылдау сынды мәселелер көтерді. Сондай-ақ, дәрігерлердің қызметіне де шағым түсірілді. Жауапты тұлғалар бірден 4 азаматтың мәселесін оң шешіп берсе, қалғандарына заң аясында жауаптар берілді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы