“Freedom QJ” лигасының ашылуы
Бүгін Жамбыл облысының орталығындағы «Жастар» стадионында “Freedom QJ” лигасының ашылуы өтті.
Салтанатты бөлімде Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, футбол ардагері Анатолий Бельский, “Freedom QJ league” өкілдері ойыншыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында «Тараз» футбол клубының тарихына қатысты викторикалық сұрақтар бойынша арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан соң жергілікті “Тараз” футбол командасымен павлодарлық «Ақсу» командасының кездесуі өтті. Тартысты өткен ойын барысында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, “Freedom QJ” лигасы аясында Қазақстанның кәсіби футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу жолға қойылған. Жеңімпаздар УЕФА жасөспірімдер лигасында Қазақстанның атынан бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
2023 жылғы маусымда чемпионатқа 2006 жылы туған (U-18 жас санаты) ойыншылардан құралған Қазақстанның ең мықты 12 жасөспірімдер командасы қатысуда. 2025 жылға қарай жоба республиканың барлық облыстарын қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, қыздар лигасын іске қосу жоспарланған.
Жамбыл облысы әкімдігі