“Студенттер бизнес инкубаторы — 2023”

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2023 жылы сәуірдің 10-ы күні “Ғылым” күніне орай “Студенттер бизнес инкубаторы — 2023” шарасы өтті. Іс-шара барысында 72 жоба бойынша ЭжБЖМ факультеті, Есеп және Аудит мамандығының 3 курс студенттері жүлделі жүлделі 3 орынды иеленді және 75 000 теңге көлемінде ақшалай қаржыландырылды.
Жас ойшылдарымыздың жобасына келер болсақ, олар Қазақстан Республикасында қазақ тіліндегі алғашқы бухгалтерлік қызметтер көрсететін “Аутсорсингтік компания” ашуды жоспарлап, қазіргі таңда іске асыруда. Бұл идеяның тууына ең алдымен, өз ана тіліміздегі контентті дамыту себепші болды. Себебі, қазір елімізде дәл осы бухгалтерлік салада өз жұмысын орыс тілінде іске асыратын компаниялар өте көп. Ал тек қазақ тілінде қызмет көрсететін мекемелер жоқтың қасы.

Сонымен қатар, жоба университеттің білім бөлімімен байланыса отырып, басқа да білім беру орталықтарының студенттеріне ақылы түрде “Easy 1C”, “Excel” оқыту программаларын ұсынуда. Оқу форматы екі түрде орын алады: онлайн және оффлайн.

Болашаққа жоспарларға келер болсақ, ойымызда студенттерге де, жеке кәсіпкерлерге де ыңғайлы мобильді қосымшасын ойлап табу, өте түсінікті және ыңғайлы интерфейспен жасап шығару. Бұл екі жаққа да пайдасы көп, ақпараттандырылған , тез жұмыс жасайтын қосымша болмақ.