АУЫЗ СУ МЕКЕМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Өңіріміздегі бірқатар тұрғын үйлерге ауыз су жеткізумен айналысып келген «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-нің басшылығымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыладық. Қазіргі кезде Шу қаласындағы көпқабатты үйлерге, жеке секторларға ауыз су жеткізумен айналысатын аталмыш серіктестіктің атқарған жұмысымен танысып, алдағы жұмыс бағытын айқындап алдық. Серіктестікке қарасты сумен жабдықтау және кәріз жүйесі нысандарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына, бұл бағыттағы дайындық жұмыстарына қатысты шешімін күткен мәселелерді де жан-жақты талқылап, алдағы жұмысты оңтайландыру бойынша маңызды келіссөздер жүргіздік. Басқосу барысында су нысандарын аудандық әкімдіктің теңгеріміне алу бойынша да ұсыныстар айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүзеге асырудың тетіктері қаралды. Қалай болғанда да, қаладағы ауыз су жеткізу жұмыстары мен кәріз жүйесі нысандарының тұрғындардың игілігіне сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл жұмыстардың уақтылы әрі тиімді жүзеге асуына серіктестіктен бөлек, аудан әкімдігі де мүдделі. Сондықтан, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар бойынша нақты шешімдер қабылданатын болады

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі