Қыран бүркіт қырықтың қырқасына шыққанда не істейтінін білесіз бе?!…..
Бүркіт құс шамамен 70 жыл өмір сүреді. Алайда ол осы жасқа келгенге дейін өмірінде өте қиын бір кезеңді бастан өткізеді. Ол 40 жасқа толған кезде, қылыштай қылшылдаған тырнақтары бұрынғыдай жемтігін бүріп ұстайтын қауһарынан айырыла бастайды. Ал, қара тасты қақ жаратын тұмсығының өткірлігі жоғалып иіліп, майысып қалады. Бұл екеуі оның негізгі тіршілік құралы. Қанаттары болса, ауырлап өзіне жүк болады. Ұшу бұрынғыдай емес, енді нағыз азаптың өзіне айнала бастайды. (адамдардың қарыны шығып, өз денесі өзіне жүк болатын кезіне ұқсайды) Осы бір қиындықтан арылып, қайта түлеп, қуатын қайтарып дұрыс өмір сүру үшін қиын кезеңді бастан өткеру керек, немесе осы күйінде өлуге тура келеді. Бұл кезең 150 күнге созылады екен.
Ұшар таудың басындағы ұясына жетіп алған соң:
1-Майысып қалған тұмсығын тасқа ұрып сындырады. Кейін тұмсығы қайта өсіп шыққанға дейін күтеді.
2-Тұмсығы өсіп шыққан соң, тырнақтарын сындырады. Кейін тырнақтары өсіп шыққанға дейін тағы күтеді.
3-Тырнақтары өскеннен кейін, қанаттарының қауырсындарын түгел жұлады. Осы бір азапты кезең өткенге дейін 5 ай керек екен.
Осыдан кейін қырықтың қырқасына шыққан қыран құс жаңадан қанаты қатқан бала бүркіт сияқты аспанға самғап ұша жөнеледі. Міне осылайша тағы 30 жыл өмір сүруге мүмкіндік алады екен. Осыны үйреткен Алла неткен шебер еді!
Ал, ақылы бар адам баласы ше? Жақсылыққа қарай өзгеру керек екенін білсек те, адамға тән шешім қабылдап әрекет етуден ерінеміз. Нәпсі, шайтан т.б. деп сылтау айтамыз. Алла біздің осындай әлсіздігімізді біліп, шайтандарды шынжырлап, адамдар есін жиып алсын деп, рамазан деген маусымды нәсіп етті. Рамазанда өзгеріп, қайта түлемеген мұсылман енді қашан түлемек?!
Кейбір 40 жасты алқымдап қалған кісілер болса, біз болдық, енді бізден пайда жоқ деп күрессіз нәпсіге беріліп күрсініп отырады. Ал, пайғамбарымыз 40 жасқа келгенде пайғамбар болып, өмірлік миссиясын атқаруға кіріскен жоқпа?! Олай болса, біздікі не тәйір…..…………..
Online Qazaqstan