ҚР Ұлттық экономика министрі Таластағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында облысымыз жұмыс сапарымен келген ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жұмыс сапарымен Талас ауданындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, аймақтағы нысандардың қызметімен танысты. Министрдің аудандағы жұмыс сапары Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығынан басталды.Бүгінгі таңда қазандық 154 — көппәтерлі тұрғын үйді, 222 — мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, әлеуметтік және коммерциялық объектілерді жылумен, ауыз сумен қамтамасыз етуде. Одан кейін Ә. Қуантыров «Talas Investment Company» ЖШС» натрий ционидін өңдеу зауытының жұмысын көрді. Кәсіпорынды аралап, цехтарымен, өнімдерімен танысып зауыт қызметкерлерімен жүздесті. «Talas Investment Company» натрий ционидін өңдеу зауыты 2014 жылы іске қосылған.Жылына 15 мың тонна натрий ционидін өндіретін зауытта 550-ден аса азамат жұмыс істеуде. Зауыт жыл басынан бері 2360 тонна сульфат аммоний өндірген. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және шет елдерге экспортталады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 30 мың тоннаға дейін арттыр үшін, зауыттың екінші кезеңін салу жоспарлануда. Жұмыс сапары соңында, құрылысы жүргізіліп жатқан «Karatau Chemicals» пиросульфит өңдеу зауытын көрді. Кәсіпорынның құрлысы аяқталып пайдалануға берілсе 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруге қуатты. Зауыт іске қосылса бірқатар жұмыс орындары ашылмақ
Жамбыл облысы әкімдігі