Ресми ақпарат
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде, сағат таңғы 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымда, яғни, Жамбыл ауданы, “Дорожник” саяжайы, Горный көшесінің тұсында судың жағалауды жырып кетуі орын алды.
Каналдың шайылған жағасының ені 15 метрді, биіктігі 18 метрді құрайды. Оқиға орын алған кезде каналда 1,2 текше метр су болған.
Судың 7 үйдің ауласына, 1 үйдің жертөлесіне кіргендігі анықталды. Қазіргі кезде су жабылып, қалпына келтіру, аулаларды тазарту жұмыстары басталып кетті. Оқиға орнында 6 мотопомпа, 10 техника, 27 адам жұмыс жасауда. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек оқи орнына барып, жағдаймен танысты. Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілуде. 30 адам қауіпсіз жерлерге шығарылды. Арнайы комиссиямен шығындарды есептеу, төлеу жұмыстары жүргізіледі.
Жамбыл облысының әкімдігі