Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңесті «Сарысу» газетінің директор-бас редакторы Жаңыл Жетенованы таныстырумен бастап, жұмысына сәттілік тіледі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе−көктем мерзімінде әскерге шақыру науқанының өту барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов баяндап, ауылдық округ әкімдеріне жастарды әскерге шақыру жұмысын жандандыру керектігін жеткізді. Екінші мәселе бойынша экономика бөлімінің басшысы Жасұлан Сұлтан бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндады.

Аталған екі мәселе бойынша да Сәкен Үмбетұлы жауапты мамандардың пікірлерін тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Бөлім басшыларына ауыл әкімдерімен жұмысты үйлестіріп, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуында жауапкершілік танытулары керек екенін айтты.
Жиын соңында алдағы мейрам күндеріне дайындықты пысықтап, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мерекелік бағдарламаларға халықты көптеп тарту бойынша нақты ұсыныстар айтып, қала, ауыл көшелерінің тазалықтарын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі