«Дос-Мұқасан» тобының жаңа әні жарық көрді
Танымал «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблі «Алматым» атты жаңа әнін жарыққа шығарды.
Жаңа туынды көпұлтты Қазақстан мен Алматы өмірін сипаттайды.
Оқиға желісіндегі басты рөлді М.Лермонтов атындағы театрдың актері В. Королев ойнайды. Ол 1993 жылы репатриация бағдарламасымен Германияға кетіп, 13 жылдан кейін немересімен оралады.
Әнде ұрпақтар сабақтастығы, Отанға деген махаббат, халықтың бірлігі, мәдени құндылықтар мен тарих, қалаға деген құрмет көрініс тапқан.
Arainfo.kz