ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Бүгін аудан әкімдігінде қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдадым. Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жұмыспен қамту, жер және кәсібін дөңгелетуге қатысты өтініштерін білдірді.
Тұрғындардың басым бөлігі өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Олардың қатарында тұрғын үй мәселесі мен егістік жерге қатысты мәселемен жүгінгендердің қарасы қалың болды. Мұнда әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме бердік. Сондай-ақ, тұтас халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың заңды жолдары қарастырылатынын жеткіздік.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуі жеке бақылауда болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі